Бұл дұғаны оқысаңыз сізге шайтан жоламайды
Бұл дұғаны оқысаңыз сізге шайтан жоламайды

Өзімізді тек қана шайтаннан емес, барлық жамандықтан қорғайтын көп дұғалар бар. Әнастан (р.а.) жеткен риуаят бойынша Аллаһ елшісі (ﷺ) айтты: «Үйден шығарда мына дұғаны оқыңдар:

بِسم الله تَوَكّلْتُ على الله وَ لا حول و لا قُوة إلاّ بالله

«Бисмилләһ тәуәккәлту 'әләлЛаһ уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ (Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім, Алладан басқа ешкімнің күш-құдіреті жоқ).

Сонда оған періште айтады: «Сен тура жолдасың, құтылдың әрі қорғаулысың» деп айтылады. Сол кезде шайтан ол адамнан қашады да, басқа шайтанға барып: «Сен тура жолдағы, құтылған әрі қорғалған адамға не істей аласың?» - деп айтады» деген.

Осы xадистегі "құтылды" деген сөз туралы ғалымдар: «Ол адам, адамға екі дүниеде уайым салатын нәрсенің бәрінен құтылады» деген (Әбу Дәуд)»

Сонымен қатар, аятул Курси, Фәлақ, Нас және т.б. сүрелерді оқыған дұрыс. Және үнемі дәретпен жүрген абзал. Бірақ ұмытпау керек – мағынасын түсінбей оқыған, ізгі істермен шындалмаған дұға – тек қана әдемі және түсініксіз сөздер ғана. Адамды жамандықтан періштелер, адамдар, тіпті дұға емес,  тек Жалғыз Құдіретті Аллаһ қана қорғайтынын ұмытпау керек. Бұлар тек жақсы нәтижеге жеткізетін себептер ғана.

Барлық нәрсе Алланың қалауымен болады. Бұл дұғаны оқып алып, дереу жәннат иелеріненмін деп қате ойлап, Алланың алдындағы міндеттерімізді ұмытып кетпейік!

Islam-Today сайтынан аударылған

Jibek IbadullayevaJibek Ibadullayeva
9 лет назад 9954
0 комментариев
О блоге
0
5471 13 38 56 6